Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Энергетика министрі ЖЭО жаңарту үшін 182 млрд теңге сұрап отыр

Олжас АДАЙ
20 Желтоқсан 2022, 10:56
1019
Бөлісу:

Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов жылу электр орталықтарын жаңарту үшін қанша қаражат керек екенін айтты , деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қызыл аймақтағы жылу электр орталықтары үшін келесі күзгі-қысқы кезеңде тәуекелдерді азайту мақсатында негізгі жабдыққа күрделі жөндеу, реконструкциялау, жаңғыртуды жүргізу көлемі айқындалды. Алдын ала деректер бойынша, жоғарыда аталған жұмыстарды орындау үшін 182 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қажет. Бұл есеп бенчмаркинг аясында жүргізілді, – деді ведомства басшысы.

Бұған дейін Энергетика министрі еліміздегі электр жылу желілерінің тозығы жеткенін айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы