Энергетика министрі мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлерін құттықтады

5 Қыркүйек 2021, 10:09
13300
Бөлісу:
Энергетика министрі мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлерін құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлерін құттықтады.

Құрметті Әріптестер! Министрліктің және өзімнің атымнан кәсіби мереке – Мұнай және газ кешені қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге қиын да жауапкершілігі мол қызметтеріңізге шынайы ризашылығымызды білдіремін. Сондай-ақ сала ардагерлеріне кәсіби дәстүріне адалдықты сақтай отырып, оны кейінгі ұрпаққа жеткізгені үшін алғыс айтамын.

Тәуелсіз Қазақстандағы бұл мереке Президенттің Жарлығымен 2003 жылы кәсіби мереке ретінде ресми түрде бекітілді.

Өздеріңіз білетіндей, мұнай-газ саласы – Қазақстан экономикасының жетекші секторы. Ол елдің жалпы салық түсімдерінің едәуір бөлігін, сондай-ақ экспорттық кірістерді әкеледі және тікелей шетелдік инвестициялардың көп бөлігі үшін қызығушылық секторы болып табылады. Энергетикалық индустрияның Chevron, ExxonMobil, Eni, Agip, Total, Лукойл және т.б. сияқты әлемдік көшбасшыларының кеңінен қатысуы өңірдің инвесторлар үшін тартымдылығын куәландырады.

Біздің еліміз үшін, Қазақстан үшін 2021 жыл ауқымды және маңызды жыл – тәуелсіздікке қол жеткізгеннің 30 жылдығымен ерекшеленеді. Осы жылдар ішінде мұнай-газ саласы қалыптасу жолынан өтті, елеулі табыстарға қол жеткізді және біздің мемлекетіміздің тарихында маңызды рөл атқарды.

Бүкіл қазақстандық мұнай-газ кешені үшін 1993 жылы Chevron корпорациясымен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей және жеке қатысуының арқасында Теңіз ірі кен орнын ауқымды игеру жөніндегі келісімге қол қойылуы негіз болды.

Қазақстанда негізгі мұнай өндіру үш ірі кен орындарында жүргізіледі: Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған.

Тәуелсіздік алған кезден бастап республикада мұнай өндіру көлемі үш жарым еседен астамға 2019 жылы жылына 25 млн. тоннадан бастап 90,5 млн. тоннаға дейін өсті.

Қазақстанның мұнай-газ кешені елдің дамуында маңызды рөл атқарады, ел бюджетіне салық түсімдерінің едәуір бөлігін қамтамасыз етеді және ЖІӨ-нің төрттен бір бөлігін құрайды.

Қазақстанда 250-ден астам мұнай және газ кен орындары ашылды, мұнай өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту жүргізілуде, мұнай-газ секторы қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің және осы саладағы нақты қойылған мемлекеттік саясаттың арқасында өңірлерді газдандыру жандандырылды. Осыған байланысты Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің көптеген буындарының ерен еңбегін атап өткім келеді. Сала ардагерлерінің қажырлы еңбектеріне әрқашан ризашылық пен құрмет бола бермек.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында саланың одан әрі дамуын қамтамасыз етуді және мұнай-химия кешендерінің құрылысына, жоғары қайта бөлудің жаңа өндірістік циклдерін құруға инвестициялар тартуға ерекше назар аударуды тапсырғанын атап өткен жөн. Осы тапсырманы орындау үшін сала қызметкерлерінің қажетті білімі, тәжірибесі, біліктілігі мен құзыреті бар. Мемлекет басшысы белгілеген мұнай-газ саласын одан әрі дамыту жөніндегі мақсаттарды іске асыру жолында әлі де көп жұмыс істеу керек.

Құрметті әріптестер! Сіздерге барлық бастамаларыңызға табыс пен сәттілік, Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер, мықты денсаулық, әр отбасына бақыт пен амандық тілеймін!

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

Нұрлан Ноғаев

Өзгелердің жаңалығы