Энергетика министрі Атырау облысының жылыту маусымына дайындығын тексерді

6 Қазан 2023, 15:06
500
Бөлісу:
Энергетика министрі Атырау облысының жылыту маусымына дайындығын тексерді
Фото: Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев іс-сапармен Атырау облысына келді. 

Энергетика министрі Атырау облысының жылыту маусымына дайындығын тексерді

Сапар аясында министр бірқатар энергетикалық нысанға барып, өңірдің алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді. Атап айтқанда, Атырау ЖЭО-на, «Атырау мұнай өндіру зауыты» ЖШС-не және С.Өтебаев атындағы Мұнай және газ университетіне барды. 

Бұдан бөлек, өңірге сапар аясында облыс тұрғындарымен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау жоспарланған. 

Энергетика министрі Атырау облысының жылыту маусымына дайындығын тексерді

Тұрғындармен кездесу министрліктің ресми әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ министрдің БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясы жоспарланған.

Энергетика министрі Атырау облысының жылыту маусымына дайындығын тексерді
Өзгелердің жаңалығы