Энергетика министрі: 2025 жылға дейін елді газдандыру үлесі 60%-ға жетеді

4 Қараша 2021, 10:25
1043
Бөлісу:
Энергетика министрі: 2025 жылға дейін елді газдандыру үлесі 60%-ға жетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысы барысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады. Оның айтуынша, өңірлерді газдандыру жайлы өмірді қамтамасыз етумен қатар, экологиялық жағдайды да жақсартуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда елді газдандыру үлесі 54,3%-ды құрайды. Нәтижесінде 10,2 млн адам газға қол жеткізді. 2025 жылға дейін елді газдандыру үлесі 60%-ды құрайтын болады. Соның арқасында 11,7 млн адам газға қол жеткізеді, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бүгінгі таңда «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры жобасының шеңберінде газ тарату желілерінің құрылысын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Құрылыстың аяқталуы Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларында көмірді пайдаланып келген 70 мыңға жуық үйді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Ақмола облысында 13 жоба іске асырылып, нәтижесінде 16 мың үй газға қол жеткізе алады, – деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін экологиялық жағдайды жақсарту үшін министрліктің не істегені туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы