Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға арналған Telegram-бот іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламаларға жедел ден қою мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет @antikorkz_bot Telegram-ботын іске қосты. Осы чат-бот арқылы іздеудегі адамдар туралы ақпаратты да хабарлауға болады. Іздеудегі адамдар бойынша бағдарлар Агенттіктің сайтында сілтеме бойынша жарияланады, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, басқа мәселелер бойынша азаматтар 1424 қысқа нөміріне қоңырау шалып, кеңес ала алады.