Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.
Клиенттің профилі, кезекке тапсырыс беру қызметі, QR көмегімен купон алу қызметі, бейнеқоңырау арқылы мемлекеттік қызметтерді алу қызметі, филиалдар тізімінен тұратын қосымшаның негізгі функционалы әзірленді. Қосымшаның функционалы уақыт өте келе арта береді, - деді Мусин.
Министр сонымен қатар eGov mobile қосымшасының мүмкіндіктеріне мысал келтірді.
Кассада кезекте тұру қажеттілігін жоятын QR төлемдерін жүргізуді жүзуге асырдық. Сонымен қатар тіркеуді өзгерту туралы SMS хабарламаны енгізілді. Мысалы, адамды үйіңізге тіркеген кезде сіздің телефоныңызға кімді тіркегеніңіз туралы SMS хабарлама келеді. Бұған дейін азаматтардан бейтаныс адамдарды ескертусіз үйіне тіркеп қойғаны туралы көп шағым болатын. Сондай-ақ тұрғылықты жерінен шығарылған азаматқа да тиісті хабарлама келеді, - деп түсіндірді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет сағатында.
Бұл қызмет рұқсат етілмеген адамдарды тіркеуге жол бермеуге және азаматтарды тіркеуден алып тастау туралы ескертуге мүмкіндік береді.
Одан бөлек, министрдің сөзінше, жүкті әйелдерге де барлық хабарлама SMS арқылы жолданады. Яғни қай күні, қай емханаға баруы туралы мәліметтер алдын ала жіберіліп отырады.