Енді суицидті жарнамалағандар айыппұл төлейді

5 Ақпан 2024, 15:51
486
Бөлісу:
Енді суицидті жарнамалағандар айыппұл төлейді
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова бұдай бұлай суицидті жарнамалағандар айыппұл төлейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат заңға қандай өзгерістерді енгізу ұсынылып отырғанын айтып берді. Сүлейменованың сөзінше, суицидтің алдын алу мақсатында Қылмыстық кодексте жаңа екі құрам бойынша жаңа екі бап енгізіліп отыр.

- суицидке итермелеу;

- суицидті насихаттау.

Осыдан бірнеше жыл бұрын өздеріңіз білетіндей, “Синий кит” деп аталатын немесе әлеуметтік желілерде әртүрлі жастардың арасында челлендждер болды. Суицидке итермелегені үшін 5 жылдан 9 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы мен қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылады, - деп айтты Жұлдыз Сүлейменова Мәжілісте.

Айтуынша, суицидті насихаттағаны үшін 200 АЕК (738 400 теңге) айыппұл түрінде жаңа қылмыстық жаза енгізіліп отыр.

Бұл суицидке қатысты екінші пакет екенін атап өту керек. Үшінші шешімге келетін болсақ, отбасы институтын нығайту бойынша нормалар. Күні кеше, бүгін ата-аналарға қатысты жаза күшейтіледі немесе оларды құқығын айыру бойынша заң болады деген сұрақтар бізге келіп жатыр. Мұндай заң нормалар бұл заң жобасында қарастырылмаған, - деді депутат.

Сүлейменова атағандай, заң жобасы дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дамыту мен нығайтуға бағытталған.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымы өтіп жатыр.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде қанша әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айтқан еді. 

Сондай-ақ өткен аптадағы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов заңдарға қандай нормалар енгізілгелі отырғанын атап берді. 

Өзгелердің жаңалығы