Енді статистика бұрынғыға қарағанда шынайы болады – Олжас Құдайбергенов

1 Қыркүйек 2020, 15:48
1408
Бөлісу:
Енді статистика бұрынғыға қарағанда шынайы болады – Олжас Құдайбергенов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экономист Олжас Құдайбергенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауда айтқан жаңа құрылымдар құру туралы бастамасына пікір білдірді. 

Жолдау керемет болды. Көңілімнен шықты. Кейінірек толығырақ талдап шығатын боламын. Әзірге институтционалдық бастамалар туралы тоқталып өтейін. Біріншіден, президентке тікелей бағынатын стратегиялық жоспарлар мен реформалар агенттігі құрылады. Бұл агенттік реформаларды жүзеге асыру мен оның орындалу сапасын қадағалайды. Енді статистикалық мәліметтер бұрынғымен салыстырғанда шынайы болады. Екіншіден, Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құрылады. Егер бұл құрылым министрлік ішінде қарапайым комитет болса, қаржы-өнеркәсіптік топтардың немесе тіпті кейбір шенеуніктердің күмәнді бастамаларын бұғаттау мүмкіндігін күрт арттырады, - дейді Олжас Құдайбергенов. 
Ол президентті төтенше жағдайлар министрлігін құру түсінікті жағдай деп отыр. 
Өйткені коронавирус эпидемиясы осындай мемлекеттік органның қажет екенін байқатты. Сондай-ақ барлық мемлекеттік қызметкерлердің қос азаматтығы бар-жоғы тексеру және оларды кейіннен жұмыстан шығару туралы айтқанын да құптаймын. Ал Ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу тәжірибесі сәтті жүзеге асады деп үміттенемін. Сосын одан кейін аудан, қала, облыс әкімдерін осылай сайлайды деп деп сенемін, - дейді экономист.

Өзгелердің жаңалығы