Енді шетелдік спортшыларға бюджеттен қаражат бөлінбейді

27 Наурыз 2025, 12:33
956
Бөлісу:
Енді шетелдік спортшыларға бюджеттен қаражат бөлінбейді
Фото: - архив

Бүгін Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заңмен 2 кодекске, 5 заңға келесі жаңалықтарды қамтитын түзетулер енгізіліп отыр:

  • басым спорт түрлерін олардың рейтингі негізінде емес, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиа, Азия және Пара Азия ойындарында ұлттық құрама командалардың өнер көрсету нәтижелері бойынша қалыптастыру;
  • республикалық және өңірлік спорт федерацияларын ұлттық спорт федерацияларына өзгерту;
  • жоғары жетістіктер спортына жататын басым спорт түрлерін бірінші кезектегі тәртіппен қаржыландыруды жүзеге асыру;
  • спорттың ойын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын ұстауға лимиттер белгілеу;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары саналмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу;
  • спорт федерацияларын аккредиттеуге қатысты талаптар белгілеу;
  • аккредиттелген спорт федерацияларына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөнінде шаралар қабылдау міндетін белгілеу;
  • бірыңғай оператордың қаржысына спорт инфрақұрылымы объектілерін салуға мүмкіндік беру;
  • уәкілетті орган республикалық мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын, жергілікті атқарушы органдар жергілікті мемлекеттік дене шынықтыру спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды іске асыру.

Спорттық іс-шараларға және халықаралық спорттық жарыстарға жіберу кезінде бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыны алып жүретін адамның шығындарын өтеу жөніндегі заңнамалық талап белгіленді. Бұдан басқа, спорттық медицинаны дамытуға бағытталған нормалар көзделген. Спортшылардың мамандандырылған медициналық көмегін қамтамасыз ету, сондай-ақ спорттық медицина және оңалту саласында заманауи технологияларды енгізу мақсатында ұлттық спорттық медицина және оңалту ұйымын мемлекеттік кәсіпорын нысанында құру ұсынылады. Заңмен спортшылар мен жаттықтырушыларға Мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсету тәртібіне де өзгерістер енгізілді. Бұл ретте, Қазақстан азаматы болып табылатын және еліміз аумағында дене шынықтыру және спорт саласында кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшылар, - деді сенатор Әсем Рахметова.

Өзгелердің жаңалығы