Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді шетелден ұшып келгендер 2 күндік карантинге жатқызылады, деп хабарлайды "Хабар 24".
Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері осындай қаулы шығарды. Ал өзге елден келгендердің анықтамасы болса, оқшауланбайды. Бұл анықтама мерзімі 5 күнге ғана жарамды.Жеке көлігімен келетіндер де бақылау-өткізу бекеттерінде тест тапсырады. Тексеру кезінде жолаушыдан коронавирус анықталса, ол бірден ауруханаға жатқызылады.