Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров AMANAT партиясының съезі туралы пікір білдірді.
Съезде Мемлекет басшысы AMANAT партиясының төрағасы ретіндегі миссиясын аяқтады. Бұл шешім біздің елдегі демократия мен плюрализмнің дамып келе жатқанын көрсетеді. Яғни, бүгінде еліміздегі саяси реформалар жүзеге асып жатыр. Саяси процестер демократия тұрғысынан дамиды. AMANAT партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасын орындай отырып, аумалы-төкпелі заманда мемлекетшіл адамдарды, мемлекеттік құндылықтарды бойына сіңірген жастарды айналасына топтастырады, - деді ол.
Сайыровтың айтуынша, Президенттің тапсырмасы бойынша партия жаңғырту процесін іс жүзінде асырып жатыр.
Бүгінде партияның электораты өте жоғары деңгейде. AMANAT партиясы өңірлерде аудандық, облыстық, республикалық деңгейде әлеуметтік-экономикалық, саяси проблемаларды шешудің нақты жоспарын жасаған. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қалыптастыру үшін партия фракциясы халқымыздың өмір деңгейін арттыру үшін барлық жағдайды жасайды. AMANAT партиясының саяси әлеуеті өте жоғары. Осы потенциалды қолдану арқылы біз әрі қарай елімізге, халқымызға көмектесе береміз, - деді Сайыров.