Қазақстандықтар медициналық қызмет алу үшін емхананы өз қалауы бойынша таңдай алады. Жыл сайынғы тіркеу науқаны 15 қыркүйекте басталады және екі ай – 15 қарашаға дейін өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тіркеу алгоритмі МӘСҚ сайтында жарияланған.
ЭЦҚ болған жағдайда www.e.gov.kz электрондық үкімет порталында онлайн тіркелуге болады. "Денсаулық сақтау" бөліміне өтіп, "алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" қызметін таңдау қажет.
Баламалы түрде бұл қызмет БМӘК ұйымында көрсетіледі (ЭЦҚ болуы талап етілмейді):
- зейнеткерлерге;
- мүгедектерге;
- бала кезінен мүгедекке заң бойынша тағайындалған қамқоршыларға;
- қамқоршыларға;
- патронат тәрбиешілерге;
- колонияларда жазасын өтеп жатқан сотталғандарға;
- студенттерге;
- медреседе оқитын студенттерге;
- мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге;
- шет мемлекеттерде туылған балаларға;
- сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтін адамдарға.
Растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Сонымен қатар тұрғылықты жеріне жақын емхананы таңдау ұсынылады.
Тіркеу науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша Медициналық қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі. Тізіммен Қордың сайтында танысуға болады www.fms.kz, "емхананы таңдау" бөлімінде.
Жыл соңына дейін азаматтарға бұрын тіркелген емханада қызмет көрсетуді жалғастырады. Ал жаңа тіркелген жері бойынша қызметті 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды.
Тіркеу науқаны емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес екенін еске саламыз. Мұны жылына бір рет еркін таңдау құқығы бойынша жасауға болады. Сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін ауыстырса, бір айдан астам уақытқа қаладан тыс жерге барса немесе ол қаралған емхана қайта ұйымдастырылса немесе таратылса және т. б. жағдайда ауыстыра алады, – деп атап өтті ведомствода.