Енді қазақстандықтар некеге тұрар алдында арнайы курстарға жіберіледі

Отбасылық-тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы заң жобасы шеңберінде қалыңдық пен күйеужігітті курстарда оқытуды мақсат ететін түзетулер қарастырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 19 Ақпан 2024 2024, 14:48
19 Ақпан 2024 2024, 14:48
3426
Фото: pixabay.com

Отбасылық-тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы заң жобасы шеңберінде қалыңдық пен күйеужігітті курстарда оқытуды мақсат ететін түзетулер қарастырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров Орталық коммуникациялар алаңындағы брифинг барысында мәлімдеді.

Егер түзетулер қабылданса, жастар некесін тіркемес бұрын бір айлық оқудан өтетін болады. Осы уақытта психологтар және менторлар жас жұбайлармен жұмыс істейді. 

Әзірге курстың бағдарламасын кім әзірлейтіні, некеге тұратындар нені үйренетіні, курстар міндетті болатыны/болмайтыны белгісіз. Қазір ұсыныс қарастырылу кезеңінен өткізіліп жатыр.

Наверх