Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Енді Қазақстанда экспорт пен инфляцияны суперкомпьютер арқылы болжайды

Олжас АДАЙ
5 Тамыз 2025, 14:05
608
Бөлісу:
 primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Абылайхан Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі кезең жасанды интеллект пен суперкомпьютер уақыты. Үлкен деректер көлемін басқару саудада жасанды интеллект қолдану болжам жасау және мемлекеттік реттеу жүргізу үшін "Қазақтелеком" әзірлеп жатқан суперкомпьютерін пайдалануды ұсынамыз. NVIDIA H200 графикалық процессорлары негізінде жасалған Орталық Азиядағы ең қуатты компьютер, – дейдә Оспанов.

Оның сөзінше, суперкомпьютер экспорт пен импортқа және тауар балансына болжам жасай алады.

Сауда министрлігінің жетекшілігімен Ұлттық статистика және қаржы министрлігі және басқада көздерден деректерді қосу арқылы біз қажет мәліметтерді суперкомпьютерге жүктеп, нақты уақытын режимінде тауар ағымын талдай аламыз. Экспорт, импорт және тауар балансына болжам жасаймыз, – деді ол.

Сондай-ақ жүйе азық-түлік қауіпсіздігі сценарийлерін модельдеп, инфляциялық тәуекелдерді бағалайды.

Бұл мемлекеттік органдар мен бизнеске жасанды интеллект кеңесшілерін енгізіп, жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді, – дейді Абылайхан Оспанов.

Өзгелердің жаңалығы