Енді Өзбекстан азаматтары елімізде 30 күн тіркеусіз жүре алады

31 Қаңтар 2024, 11:11
4692
Бөлісу:
Енді Өзбекстан азаматтары елімізде 30 күн тіркеусіз жүре алады
Фото: автордан

Мәжілісте осы мәселеге қатысты заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов заң жобасын таныстырды.

Қазақстан мен Өзбекстан өз азаматтарының көрші ел аумағында тіркеусіз жүру мерзімін 5 күннен 30 күнге дейін ұзартады.

Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары 2000 жылғы 7 шілдедегі екі ел Үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізілген хаттаманы ратификациялады.

Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама 2022 жылы 22 желтоқсанда Ташкент қаласында жасалды. Жаңа құжат қос мемлекет азаматтарының бір-бірінің аумағында болуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді және бауырлас елдер арасындағы экономикалық байланыстың, іскерлік және мәдени тәжірибе алмасудың одан әрі дамуына оң әсер ететін болады.

Өзгелердің жаңалығы