Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жауабында айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Білім беру мекемелерінде тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сәйкестендіру мақсатында осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жалпы тамақтану стандарты енгізілді. Оны әзірлеу кезінде салауатты диетаны қалыптастырудың халықаралық тәсілдері және семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулардың даму қаупін азайтуға бағытталған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары ескерілді, – деді вице-премьер.
Оның айтуынша, стандартта көкөністер мен жемістердің үлесін арттыру, табиғи емес өнімдер мен тұз бен қант мөлшері жоғары тағамдарды алып тастау, қант қосылған сусындар мен шырындардың орнына ауыз су ретінде газдалмаған су, сүт, ашытылған сүт өнімдері, жеміс шайлары және қант мөлшері аз сусындар қарастырылған.
Сонымен қатар, стандарт екі порция көлемінде аптасына екі рет жылқы етін қосуды ұсынады. Ұйымдардағы тұтыну тәртібі, сондай-ақ тамақ өнімдерін сақтауға, дайындауға, тасымалдауға және өткізуге қойылатын талаптар сақталған жағдайда, ет тағамдарының барлық түрінде жылқы етін пайдалануға шектеу көзделмеген денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның санитариялық қағидаларымен реттеледі. Осылайша, ұйымдарда тамақтануды жүзеге асыратын құрылымдар толыққанды және алуан түрлі диетаны, аймақтық азық-түлік артықшылықтарын, азық-түлік тауарларының қолжетімділігін, ұлттық дәстүрлерді және салауатты тамақтану саласындағы халықаралық ұсыныстарды ескере отырып, мәзірді дербес қалыптастыру құқығына ие, – деді Серік Жұманғарин.