Енді мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жәрдемақысы бірге төленеді

26 Мамыр 2021, 11:44
4924
Бөлісу:
Енді мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жәрдемақысы бірге төленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу туралы заң жобасы таныстырылды.

Заң жобасында мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру көзделеді. Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедек балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда мүгедектігі бар бала ата-аналары ажырасқан кезде бір мезгілде алименттер мен мүгедектігі бойынша жәрдемақы ала алады, - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов.

Ол алайда ата-анасының (асыраушы) бірі немесе екеуі де қайтыс болған жағдайда, бала тек мүгедектігі бойынша жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыны ғана ала алады деп отыр.

Жәрдемақының екі түрін бір мезгілде тағайындау ата-анасынан айырылған балаларға қатысты кемсітетін норманы алып тастауға мүмкіндік береді. Осы норма енгізілген жағдайда 2 мыңнан астам бала мүгедектігі бойынша жәрдемақымен қатар (мөлшері 41 163 – тен 48 023 теңгеге дейін), асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыны ала алады (мөлшері 12 063-тен 29 500 теңгеге дейін), – деді министр.

Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заң жобасын талқыланып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы