Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкіметте жол саласын цифрлардыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жасанды интеллект жол саласына қалай енгізілетінін түсіндірді.
Жасанды интеллект барлық салаға еніп жатыр. Мысалы, ЖИ көмегімен автожолдарды диагностикалау бойынша жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр. Smart Road Diagnostic System жүйесі арқылы автожолдардың тегістілігі мен мықтылығын тексеру үшін 2024 жылы 15 мың км диагностикадан өткізілді, - деді министр.
Оның айтуынша, бұл компания Astana Hub резиденті.
Сондай-ақ Мәдиев атағандай, жол саласында мемлекеттік үш қызмет толығымен электронды форматта көрсетіледі. 2024 жылы осындай 1 793 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Ол салалық мемлекеттік органға цифрландыруға дейінгі процесті оңтайландыруға қалай көмектесетініне мысал келтірді.
Бұған дейін артық жүк тиелген көлік салмақ датчигі арқылы тіркеліп, бөлек камера фотоға түсіріп, инспектор көлікті тоқтатып, тәртіп бұзушылықты қағаз хаттамаға түсіретін. Биыл адами факторды алып тастау жоспарланып отыр және енді хаттамалар автоматты түрде рәсімделеді. Осы мақсатта қазірдің өзінде әкімшілік кодекске түзетулер енгізіліп, интеграциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деп түсіндірді Цифрлық даму министрі Үкіметте.
Сөзінше, бұл жолдардағы көлік инспекторларының санын қысқартуға, сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігін азайтуға, сондай-ақ жолдардың қызмет ету мерзімін арттыруға және жүк көліктерімен болатын апаттарды азайтуға мүмкіндік береді.