2025 жылдан бастап азаматтар жұмысқа жарамсыз анықтамасын алу үшін кабинет жағалап, мөр жинап әуре болмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы Әсел Қыдырәлиева айтты. Сөзінше, қазір бұл жұмыс жартылай ғана жасалған. Енді 2025 жылы бұл толығымен электронды форматта болмақ.
Бізде жұмысқа тұруға, оқуға түсуге анықтамалар, қару-жарық алуға рұқсатнама, еңбекке жарамсыздық парағы және көлік жүргізуге рұқсат анықтамасы бар. Бүгінде бұл жұмысты толығымен автоматтандыру жұмысы, яғни электронды нұсқаға ауыстыру жүргізіліп жатыр. Яғни енді пациент қайта-қайта дәрігерден қағаз жүзінде өтпейді, - деді ол.
Оның сөзінше, ДСМ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғак министрлігімен бірге еңбекке жарамсыздық парағын толық электронды түргн ауыстыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Қазір көк қағазды алу үшін пациенттер әр кабинетке барып, мөрін бастыруға қаншама уақыты кетеді. Енді пациент еңбекке жарамсыздық парағын алғысы келсе, екі министрліктің жүйелері автоматты түрде оның жұмысына хабарлама баратындай жасайды. Яғни еңбекке жарамсыз парағы жабылған кезде анықтама бірден жұмыс берушінің, яғни enbek.kz жүйесіне түседі, - деп айтты Әсел Қыдырәлиева.
Ал егер пациент екі жерде жұмыс істесе, онда еңбекке жарамсыз парағы екі жұмыс берушіге бердей жіберіледі.