Енді ел азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істейтін болады

14 Ақпан 2024, 08:50
395
Бөлісу:
Енді ел азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істейтін болады
Фото: baq.kz

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) кеңейтілген Алқа отырысында ведомство басшысы Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрдің айтуынша, осы күндері басқа елдерде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты 8 жаңа үкіметаралық келісімге қол қою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақстанды Оңтүстік Кореяның жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне (EPS) енгізу бойынша тиісті шаралар қабылданды, – деді Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар министр Қазақстан азаматтарының шетелде заңды еңбек қызметін ұйымдастыру үшін жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді де жоспарлап отырғандықтарын қоса хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы