Қазақстанда дәрігерлерге қол жұмсағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту нормасы 2025 жылы Қылмыстық кодекске енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оны Бас прокуратура қолдаған, қазір бұл норманы ішкі мемлекеттік келісу рәсімі жүріп жатыр.
Парламент депутаттарының қолдауымен, олар бұл норманы бізбен талқылап, қолдап отыр. Менің ойымша, биыл Қылмыстық кодекске медициналық қызметкерлер өз міндетін атқару кезінде олардың денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттер жасаған азаматтарға қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы бап енгіземіз, - деді Әлназарова.
Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, мұндай құқықбұзушылық үшін айыппұл салудан бастап бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.