Енді балаларды міндетті медициналық сақтандыру арқылы сүндетке отырғызуға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Информбюро ақпараттық бағдарламасының мәліметінше, мұндай өзгерісті 2024 жылдың басында Әзербайжан билігі енгізген.
Соның арқасында кейінгі жарты жылда 15 мыңнан астам ота жасалыпты. Жауаптылар мұндай қадамға балалардың денсаулығына алаңдаған соң барған екен.
Өйткені Әзрбайжанда діни ғұрыпты өткізу құны тым қымбаттаған. Бір операция бағасы 200 манат. Бұл шамамен 100 доллар.
Сондықтан тұрғындар заңсыз жұмыс істейтін дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр болған.