Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Енді азық-түлікке, тұрғын үйге және коммуналдық қызметке де ваучер беріледі

Бөлісу:
 pixabay.com
VIDEO
Фото: pixabay.com

Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкиннің хабарлауынша, әлеуметтік әмиянға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алу, тұрғын үйді жеңілдетілген жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеу үшін ваучерлер қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жобаны келесі салаларда енгізу жоспарланып отыр:

  • Медициналық қызметтер;
  • Балабақшалар;
  • Үйірмелер мен секциялар;
  • Тұрғын үйді жеңілдетілген жалға алу;
  • Коммуналдық қызметтер бойынша жеңілдіктер;
  • Әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік.

Қолдау шараларын алу критерийлеріне сәйкестік тексеріліп, жеке ваучерлер тағайындалады. Қызметтің нақты көрсетілгені eGov Mobile немесе биометрия арқылы расталады, және төлем актілері сол факт бойынша дайындалады. Азамат өзіне тағайындалған қолдау шаралары туралы хабардар болып, көрсетілген қызметтердің сапасын бағалай алады, - деді вице-министр Үкімет отырысында.

Ол сонымен қатар үкіметтің қаржыландырудың ашықтығын арттырып, әлеуметтік қолдаудың тиімділігін бақылау жоспарлап отырғанын атап өтті. Бірінші вице-министр мемлекеттік органдарға өздері көрсететін қолдау шараларын Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізуді ұсынды. Бұл үдерісті цифрландыруға, асыра сілтеп есеп жүргізу мен бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау мүмкіндігін болдырмауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесі 31 атауға дейін кеңейтілгенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы