Енді ауыл әкімдерінің рейтингі «Ауыл – табыс көзі» жобасын қолдау деңгейіне байланысты болады

28 Сәуір 2022, 12:28
1376
Бөлісу:
Енді ауыл әкімдерінің рейтингі «Ауыл – табыс көзі» жобасын қолдау деңгейіне байланысты болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді ауыл әкімдерінің рейтингі «Ауыл – табыс көзі» жобасын қолдау деңгейіне байланысты болады. 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Халықтың табысын арттыру бағдарламасын таныстырған кезде айтты.

Оның сөзінше, Үкімет бірінші кезекте ауылдық жерлерде жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жағдай жасауды жоспарлап отыр. 

Жеке қосалқы шаруашылықтардың кірістерін едәуір арттыру көзделіп отыр. Осы бағытта сәтті жұмыс істеп жатқан жобалар бар. Мәселен, Ақмола облысының Қарабұлақ ауылында «Ар-Ай» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі Степногорск қаласын көкөніспен қамтамасыз етеді. Жамбыл облысы Қордай ауданында 17 жеке қосалқы шаруашылықты біріктіретін «Экочикен» ӘКК бір жылдың ішінде құс етін өндіруді 147 тоннадан 336 тоннаға дейін арттырды, - деп баяндады Тоғжанов. 

Үкімет басшысының орынбасары атап өткендей, «Ауыл – табыс көзі» жобасы шеңберінде үй шаруашылығы кооперативтерінің бірлестіктерін қолдау көзделеді. Ауыл әкімдерінің рейтингі осы кооперативтерді қолдауы ескеріліп, назарға алынады.

Өзгелердің жаңалығы