Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Енді алматылықтар тек қоғамдық көлікпен жүреді

Бүгiн, 16:09
225
Бөлісу:
 ortcom.kz
Фото: ortcom.kz

Алматыда тұрғындардың 65%-ы жеке көлікпен қозғалса, 35%-ы қоғамдық көлікпен жүреді. Алдағы уақытта әкім халықтың 65%-ын қоғамдық көлікпен жүретіндей ету жоспарланып отырғанын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

BRT, LRT, метро, жаңа қоғамдық көлік түрін енгізу жоспарланып отыр. Сондықтан ақылы тұрақ жасап жатқынымыз оған дайындық, – дейді әкім.

Бірақ әкімнің сөзінше, бұл өзгерістер әзір енбейді. Оған бірнеше себеп те бар.

Бұл жүйеге кіру үшін автопарктеріміз жеткіліксіз. Қазір шұғыл түрде 3 автопарк құрылысын бастадық. Сол іске қосылған соң, BRT-ні енгізетін боламыз. Соған кедергі келтіретін тұрақтарды жолдан алып тастаймыз, – деді ол.

Транспорт мәселесін айтқанда ол тікелей экологияға да байланысты. Мысалы бір автобус 20-30 жеңіл көлікті алмастырады. Сондықтан әкім экология мәселесінде де жеңіл көлікті қоғамдық көлікке алмастыру тиімді шешім болатынын айтады.

Өзгелердің жаңалығы