Алакөлге ұшақ рейстері ашылады

5 Мамыр 2020, 19:40
1643
Бөлісу:
Алакөлге ұшақ рейстері ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдегі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Алакөл көлінің жағалауына барып-қайтуға қолайлы болуы үшін Үшарал қаласына субсидияланған әлеуметтік-маңызы бар рейстерді орындау жоспарлап отыр.

Атап айтқанда: 
– Нұр-Сұлтаннан Үшаралға "Qazaq Air" әуе компаниясы мамырдан қазанға дейін аптасына 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 265 млн теңге бөлінеді.  Тариф құны – 16 мың теңге. 
– Алматыдан Үшаралға "Южное небо" әуе компаниясы мамырдан қазанға дейін аптасына 6 және одан көп рейс орындайды. Бөлінген сома – 225,8 млн теңге. Тариф құны – 10 мың теңге. 
– Талдықорғаннан Үшаралға "Жетысу" әуе компаниясы мамырдан қазанға аптасына 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 218,7 млн теңге бөлініп, тариф құны 8 мың теңге болады. 
Өзгелердің жаңалығы