Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова еңбек адамдарына арналған «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздарын құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Байқау лауреаттары біздің мақтанышымыз, үлгі тұтар азаматтарымыз, - деді вице-премьер.
«Еңбек ардагері» медалімен марапатталғандар тізімі:
1. Гүлжан Мершенова - Қарағанды медицина университетінің Отбасылық медицина кафедрасының профессоры, еңбек өтілі 40 жыл.
2. Шаңғытбаев Абай Мұхтарұлы - «Электр энергиясы мен қуаты нарығының операторы» АҚ Аналитика және жобаларды басқару департаментінің директоры, энергетика саласының ардагері, еңбек өтілі 40 жыл
3. Базарбай Қарағаев – «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» РММ агрохимигі, Ақмола облысы, 68 жаста;
4. Лидия Роот – Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ бөлме-тазалықшысы, 60 жаста.
«Еңбек жолы» байқауы жыл сайын екі кезеңде, атап айтқанда өңірлік және республикалық деңгейлерде үш номинация бойынша өткізіледі: «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаты ең көп әулет; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, өте тиімді жұмыс істейтін тәлімгер; «Өндіріс үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмыскері таңдалады.
Биыл жергілікті атқарушы органдар конкурсқа қатысу үшін 591 өтінім қабылдады. Олар: «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша – 143 өтінім, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша – 215 өтінім, «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша – 233 өтінім.
Конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарлары төрағалық ететін комиссиялар анықтады. Конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздарын Еңбек министрлігі жанындағы комиссия анықтады. Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР ЕХӘҚМ, «Атамекен» ҰКП, «Қоғамдық келісім» РММ және әлеуметтік әріптестер өкілдері бар.
«Еңбек жолы»-2023 байқауының жеңімпаздары:
«Үздік еңбек әулеті» номинациясында:
1 орын – Амангелдиновтар әулеті – «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Көпфункционалды даму орталығы», Астана қ.
2 орын-Аушиновтар әулеті – «Казцинк» ЖШС Риддер тау-кен металлургия кешені, ШҚО.
3 орын – Сейтжановтар әулеті – «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, Павлодар облысы.
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында:
1 орын – Нұрқаси Абатов – м. ғ. к., профессор «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ клиникасының бас хирургі, Қарағанды облысы, 61 жаста.
2 орын – Құндызбек Нукишев – «RG GOLD» ЖШС сілтісіздендіру учаскесінің шебері, Ақмола облысы, 59 жаста.
3 орын – Людмила Муровцева – «КазАзот» ЖШС Сынақ орталығының бастығы, Маңғыстау облысы, 58 жаста.
«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында:
1 орын – Әйгерім Ағатанова – «Восток Бройлер» ЖШС бас ветеринар дәрігері, Абай облысы, 26 жаста.
2 орын – Анатолий Исмагулов – республикалық орталық Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері штабының өрт сөндірушісі, Қостанай облысы, 21 жаста.
3 орын – Әлібек Уатаев – «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ құрастыру-механикалық цехының шебері, СҚО, 26 жаста.
Әр номинация бойынша байқау жеңімпаздарына ақшалай және бағалы сыйлықтар берілді. Бірінші орынға 1 млн теңге сомасындағы сертификат пен ноутбук, екінші орын игерлеріне – 700 мың теңге және iPhone, үшінші орын жеңімпаздарына – 500 мың теңге және iPad табысталды.
Еңбек ардагерлеріне медальдармен қоса 500 мың теңге сомасында сертификаттар мен картиналар табыс етілді.