Еңбек инспекторлары 8 мың қызметкердің құқығын қорғады

29 Мамыр 2024, 15:43
415
Бөлісу:
Еңбек инспекторлары 8 мың қызметкердің құқығын қорғады
Фото: ОКҚ

Жұмыс берушілерге 1 409 ұйғарым беріліп, оларға 1780 әкімшілік айыппұл салынған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы, Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді. 

2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 126 кәсіпорында 1,5 млрд теңгеден астам сомаға 9,7 мың қызметкердің алдындағы жалақы бойынша берешекті анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 8,1 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалып, оларға 890 млн теңге төленді. Жұмыс берушілерге 1 409 ұйғарым беріліп, оларға 1780 әкімшілік айыппұл салынды. 24 мамырдағы жағдай бойынша жалақы бойынша берешек 29 кәсіпорында 1,6 мыңнан астам қызметкердің алдында 682,6 млн теңгені құрады, - деді Төлеген Оспанқұлов.

Оның айтуынша, 77 кәсіпорындағы аухал бақылауға алынған. 

Биылғы жылдың басында республика бойынша мониторингте 127 кәсіпорын болса, бүгінгі күні 50 кәсіпорында проблемалық мәселелер шешілді. Бүгінгі таңда 77 кәсіпорын бақылауда, олар бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар еңбек жанжалдарын болдырмау үшін шаралар қабылдап жатыр, - деді Бас мемлекеттік еңбек инспекторы. 

Өзгелердің жаңалығы