Павлодар облысында 6 айдың ішінде еңбек дауы бойынша 200 шағым түскен

25 Шілде 2019, 15:35
2112
Бөлісу:
Павлодар облысында 6 айдың ішінде еңбек дауы бойынша 200 шағым түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық кәсіптік орталығының төрайымы Динара Айтжанова айтты, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

"Барлығына көмектесуге тырысамыз, дегенмен бәрі бірдей бір ымыраға келе бермейді. Мысалы, биылғы жылы сол жердегі кәсіподақ жұмысшының құқығын қорғамаған үш факті болды. Біз өз тарапымыздан кәсіподақ мүшесі емес, жұмысшы ретінде кеңес береміз және жақсы нәтижелер де бар. 2018 жылы маусым айында іске қосылған бітімгерлік орталығына былтырғы жылы 75 шағым түскен. Орталыққа құпия жүгінуге болады. Егер адам аты-жөнін айтқысы келмесе, жасырын түрде қабылдаймыз. Егер екі тарап татуласып жатса, татуласу туралы келісімді облыстық сотта тіркейміз", - деді Динара Айтжанова.

Dinara-Aytjanova-Aitzhanova-press.jpg

Оның айтуынша, Павлодар облысының ұжымдық келісімшарттары «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілік сыйақысында бірнеше мәрте көшбастаушы позицияларға ие болған. Облыста жұмыс істеп тұрған 6352 кәсіпорынның 5653-інде ұжымдық келісімшарт жасалған. Бұл көрсеткіш 89%-ды құрайды. 

Қазір облыс халқының саны 853 мың адамға жеткен. Оның ішінде 390 мыңы жұмыспен қамтылған.

Өзгелердің жаңалығы