«Еңбек» бағдарламасы бойынша 5885 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан – Шымкент

15 Сәуір 2021, 01:25
2509
Бөлісу:
«Еңбек» бағдарламасы бойынша 5885 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан – Шымкент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте «Еңбек» бағдарламасы бойынша 5885 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Бұл туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының қорытындысында айтылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратовтың айтуынша, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылы 21 842 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 5 885 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды (26,9%).

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2500 адамды жолдау жоспарлануда.

Екінші бағыт (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) бойынша 600 адамға мемлекеттік грант беру жоспарланған. Биыл сәуір айында 600 адамға мемлекеттік грант беріледі.

Үшінші бағыт (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) бойынша нақты 5885 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Атап айтқанда, бос жұмыс орындарына 2430 адам (34,6%) орналастырылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 109 (54,5%), жастар практикасына 568 (22,7%), ақылы қоғамдық жұмыстарға 2778 адам (90,8%) жолданды.

Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылдың бірінші тоқсанында 229 мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған. Оның ішінде 62 азамат тұрақты жұмысқа, ал 167 азамат уақытша жұмысқа тартылды, – делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 
Өзгелердің жаңалығы