Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді

13 Қазан 2023, 15:46
1598
Бөлісу:
Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді
PHOTO

Бүгін елордадағы №3 мектеп гимназиясында дәрігерлер мен полицейлер 9-сынып оқушыларына нашақорлықтың алдын алу бойынша дәріс өтті. Есірткінің зияны неде? Оны қандай жолдармен жарнамалайды? Есірткі қолданудың соңы неге апарады? Мамандар осы және өзге де сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ІІМ жаңа оқу жылында бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сабақтар өткізуді бастады. Бұл – ІІМ-нің BAQ.KZ-пен бірлескен жобасы.

Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді

Осымен қатарынан екінші жыл өткізіліп келе жатқан қауіпсіздік сабақтары бүгінде оқушылар арасында құқықбұзудың алдын алуда ақпараттық-танымдық бағдар беретін, құқықтық түсіндіру жүргізетін маңызды іс-шаралардың біріне айналып отыр.

Осы ретте бүгін ІІМ-нің ұйымдастыруымен Астана қаласы Полиция департаменті М. Сәдуақасов атындағы №3 мектеп гимназиясында «Нашақорлықтың алдын алу және оның зардабы» тақырыбында профилактикалық сабақ өткізді. Оған 9-сынып оқушылары қатысты.

Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді

Оқушыларға алдымен бейнеролик көрсетілді.

Жасөспірім мен қылмыс

ПД ЕҚҚІҚБ аға жедел уәкілі Әлия Қибатқызы мектеп әкімшілігіне профилактикалық сабақты өткізуге жағдай жасап бергені үшін алғысын білдіріп, қаладағы есірткі жағдайы жайлы балаларға айтып берді.

Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді

Осы салада қызмет етіп жүргеніме 12 жыл болды. Есірткіге қатысты қылмыс жағдайларына шығамын. Астана территориясында есірткі сататын әйелдерді ұстаймын. Биылдың өзінде есірткі қылмысы бойынша 760 іс қозғадық. Яғни күніне шамамен 1-2 адамды ұстап отырдық. Бұл жай ғана сан емес, бұл - адам өмірі. 169 қылмыстық іс қозғадық, оның 140-ы есірткі-психоактивті заттарды сататындарға қатысты. Заңсыз айналымнан 262 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді. Оны күнге бөліп қарасақ, күніне шамамен 0,5-1 келі есірткі тәркіленеді. Бұл марихуана, гашиш, героин және есірткінің синтетикалық түрі, - деді полицей.

Әлия Қибатқызы полицейлер не себепті мектептерде осындай сабақтар өткізетінін түсіндірді.

Біз мұндай сабақтарды не үшін өткіземіз? Бас мақсат - сіздерге дұрыс ақпарат жеткізіп, ондай заттарды ешқашан қолданбау керегін түсіндіру, айту. Неге? Өйткені, қазір жас балалар қорқыныш дегенді білмейді. Бұрын біз үшін наркоманның портреті қандай еді. Ол көктамыр арқылы есірткі қолданатын. Қазір олай емес. Қазір есірткіні интернет арқылы таблетка, сусын түрінде алуға болады. Оның салдары ауыр. Синтетикалық есірткіні бір рет пайдалану өте қауіпті. Біз күн  сайын осындай проблемамен кездесеміз. Галлюциногендік салдары да өте қорқынышты, - деп түсіндірді полицей профилактикалық сабақта.

Қазір балалардың бәрі сматфондар қолданады. Түрлі желілерде отырады. Осындай желілерде 16-18 жастағы балаларға курьер жұмысын ұсынады. Әлия Қибатқызының сөзінше, олар балаларға «Біз саған қандай да бір зат береміз, сен оны белгіленген мекенжайға апарасың. Сосын біз саған QIWI әмиянға ақшасын жібереміз» дейтін көрінеді. Бірақ жасөспірім ешқандай ақша алмайды, ол сол сәттен бастап біздің бақылауымызға ілінеді.

Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді

Есірткіге қатысты қылмыс жасаған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Есірткі қылмысы ауыр, аса ауыр қылмыс түріне жатады. Мұндай қылмыс үшін адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ бұл салада қылмыс жасағандар 14 жастан бастап жауапқа тартылады. Яғни адам өлтіру, ұрлықпен тең қылмыс.

Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді
Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді

Полицейлер синтетикалық есірткінің жарнамасын түрлі белгілер, картиналар, жарнамалар, сілтемелер, кіреберістегі маркермен жазылған жазулар түрінде қалдыратынын айтты. Полицейлер осындай жарнамалардың астарында не жатқанын анықтаумен айналысады.

Бұрын 40 және одан жоғары жастағы әйелдер мен ер кісілерді ұстасақ, қазір жасөспірімдерді ұстап жүрміз. Мысалы, синтетикалық есірткі сатқан жас жұпты ұстағанымыз бар. Кеше ғана мектепті жақында бітірген жас жігітті ұстадық. Заңсыз әрекеттер жасауды ұсынатын адам – ол дос емес. Мұндай дос сені полицияға келгенде сатып кетеді, - деп түсіндірді ПД ЕҚҚІҚБ аға жедел уәкілі Әлия Қибатқызы.

Полицейлер таныс емес адамдардан ештеңе алмауды, SMS-хабарлама келгенде жіті болуды ескертті.

«Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды»

Қалалық психикалық денсаулық сақтау орталығының дәрігер-наркологы Тоқтар Қойшыбеков есірткіге тәуелділерді қалай емдейтінін айтып берді.

Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді

1987 жылдан бері есірткіге, алкогольге тәуелді адамдармен жұмыс істеймін. Шынын айтсам, 1987 жылы дәрігер болып келгенімде бұл сала жайлы хабарым аз еді. Содан бері 37 жыл өтті. Осы уақыт аралығында науқастарды емдедім. Ең кішкентай пациентім шамамен 6 жаста болды. Оны құтқарып қала алмадық. Есірткіге тәуелділік жасы үлкен адамдарда болмайды. Олар 40 жасқа дейін ғана өмір сүреді. Есірткіге тәуелді пациентімнің бірін қала маңында орналасқан түрмеден көрдім. Ол кезде де осындай профилактикалық жұмыс жүргізген едік. 50 жастағы ер кісі маған келіп, «Дәрігер, сіз есірткіге қарсы ең жақсы емді білесіз бе?» деп сұрады. Мен білмейтінімді айтып, маған айтуын сұрадым. Ол түрме екенін айтты. Сөзінше, оны түрмеге жаппағанда өліп қалуы мүмкін еді, - дейді дәрігер.

Тоқтар Қойшыбеков жақында ғана осындай 17 жастағы жас пациентінен айырылып қалғанын есіне алды. Айтуынша, ол бір рет қана тартып көрген, сөйтіп қайтыс болып кеткен.

Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді

Ол университетке түсті. Біз сияқты оқып, жұмыс істегісі келді, мықты маман болуды армандады. Алайда оған жай ғана тартып көруді ұсынды. Оны көшедегі наркоман не болмаса бейтаныс адам емес, қасындағы достары ұсынған. Әрине, біз бейтаныс адамға жоқ дейміз, бірақ танысымызға олай айта алмаймыз, - деп түсіндірді нарколог.

Дәрігер көп адам тәуелділіктің не екенін ұға бермейтінін атап өтті.

Тәуелділік деген не? Не нәрсеге тәуелділіктеріңіз бар? Ағзаларыңыз бір нәрсеге тәуелді ме? Егер бізде су болмаса, онда не болады? Шөлдеу болады, ол барған сайын күшейе береді. Егер адам суды бір апта ішпесе, адам 10 күннен кейін өліп кетуі мүмкін. Жай ғана өлмей, қиналып, галлюцинация болады, физикалық тұрғыда қиналады. Осындай тәуелділік есірткі, алкогольге, синтетикалық есірткіге, табакқа қатысты болады, - деп атап өтті дәрігер-нарколог Тоқтар Қойшыбеков.

Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді
Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді

Дәрігердің сөзінше, мұндай зиянды заттарды қолданғанда адам 5 минуттай масаң күйде болады. Одан кейін ағзадағы барлық гормон жоғалып, көңіл-күйі түседі. Ауыр күйзеліске түсіп, өмір сүргісі келмейді. Есірткіге құмарлығы күшті болады.

Олар бізге көмектесіңіз деп келеді. Қалай көмектесеміз? Олар бойындағы барлық гормонын жоғалтты емес пе? Бақыт гормондарын қайта қалпына келтіру керек. Оны жолғалтқаннан кейін эмоционалдық тұрақсыздық пайда болады. Сол себепті де есірткіге тәуелділіктен қатты қиналады, - деді ол.

Дәрігер есірткіні «қолданып көр» деп айтатындардың сөздеріне ермеу керегін айтты.

Денсаулық – тек сенің ғана байлығың емес, ол ата-анаңның да байлығы. Осыны есте ұстау қажет. Өкінішке қарай, пациенттерімізден айырылып қалатын жағдайлар болды. Ал жақындары қалған күндерін өкінішпен өткізген кездер болды. Олар оны кезінде тоқтата алмағаны үшін өкінді. Яғни айтқам келетіні, есірткіге тәуелділіктен түгел отбасы жапа шегеді. Сол себептен де бақытты, денсаулықты сақтаңыздар. Ұзақ өмір сүрудің құпиясы оңай. Өзіңді ойла! Салауатты өмір салтын ұстан! Спортпен дос бол! Оқы, арманда! Барлығымыз бақытты болғымыз келеді емес пе?! Армандаңыздар! – деп сөзін түйіндеді дәрігер-нарколог.

Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді

Психолог Караленя Карнелия да балалар есірткі жайлы қайдан еститінін, білетінін түсіндіріп берді. Сөзінше, есірткі қолданғанда позитивті жағын көрсететіндер бар көрінеді. Мысалы, фильмдерде, клиптерде, музыкалық индустрияда есірткінің пайдасын оң жағын жиі көрсетеді.

Ондай ақпараттарда табысты, әдемі адам болуы есірткі қолдануы мүмкін. Өзін жақсы сезініп, одан зардап шекпейді. Бұл жерде бұл бірінші кезекте, ол фильм және актер екенін назарда ұстауларыңызды сұраймын. Есірткіге тәуелді адамды емдеу ұзақ уақытты алады. Себебі ол есірткі қолданған кездің өзінде бірден тәуелді болып қалады. Оның миы оны қолданған кездегі сәтті есінде сақтап қалады, - деп айтты психолог.

Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді
Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді

Айтуынша, есірткіге тәуелділікке қарсы емге оқшауда 4 айдан көп уақыт кетеді.

Еркіндік – ол таңдауды шектелмейтін дүние, ал есірткі оны шектейді, - деп сөзін аяқтады психолог Караленя Карнелия.

Оқушылар не түйді?

9 «ә» сыныптың оқушылары Аружан Жусамбекова, Наргиз Досмағамбетова және Көркем Аманғали сабақтан кейін қандай қорытындыға келгенін бөлісті.

Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді
Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді

Біз бүгін есірткінің зияны туралы дәріс естідік. Ол өте зиян. Оны қолдану өмірге, адамның психикасына, гормондарына жаман әсер етеді. Ол өмірді жақсы арнаға бұрмай, керісінше жаман жаққа өзгертеді. Біздің ойымша, спортшылар сияқты есірткісіз де бақытты өмір сүруге болады. Біз бәріміз спортпен айналысамыз. Шылым тартып жүргендерді көшеден көреміз. Иісі өте жағымсыз. Бүгін сабақ ұнады. Бұған дейін сынып сағаттарында да осы жайлы естіген болатынбыз, - дейді оқушылар.

Полиция мектеп оқушылары, студенттер арасында қауіпсіздік сабақтарын өткізуді жалғастырады.

Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді
Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді
Ең кішкентай пациентім 6 жаста болды. Нарколог пен полицей оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді

Есірткі және психоактивті заттарды сақтау, өткізу фактілері, сондай-ақ оларға қатысы бар тұлғалар туралы белгілі болған жағдайда, Астана қаласы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының анонимді сенім телефондарына хабарлауға болады.

Күндіз 716393, тәулік бойы 322222 немесе 102 нөміріне хабарлауға болады.

Өзгелердің жаңалығы