Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Forbes журналы 2019 жылы ең жоғары еңбекақы алатын спортшы әйелдердің рейтингісін жариялады. Бұл туралы Vesti.kz жазды.
Рейтингте 2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың маусымына дейінгі жалпы табыс көлемі есептелді. Осылайша, бай спортшылардың тізімін Серена Уильямс бастады. Теннисшінің жалпы табысы - 29,2 млн доллар, оның 4,2 миллионы сыйақы, ал 25 миллионы демеушілік келісімшарттар мен басқа да табысы.
Алғашқы ондық толықтай теннисшілерден құралды. Өзге спорт өкілдерінен ең жоғары орында америкалық футболшы Алекс Морган, ол 5.8 млн табысымен 12-орынға табан тіреген.
Forbes рейтингісінің ТОП-10 тізімі мынадай:
1. Серена Уильямс (АҚШ) - 29,2 млн доллар (сыйақы - 4,2, келісімшарттар - 25)
2. Наоми Осака (Жапония) - 24,3 (8,3+16)
3. Анжелик Кербер (Германия) - 11,8 (5,3+6,5)
4. Симона Халеп (Румыния) - 10,2 (6,2+4)
5. Слоун Стивенс (АҚШ) - 9,6 (4,1+5,5)
6. Каролин Возняцки (Дания) - 7,5 (3,5+4)
7. Мария Шарапова (Ресей) - 7 (1+6)
8. Каролина Плишкова (Чехия) - 6,3 (4,6+1,7)
9. Элина Свитолина (Украина) - 6,1 (4,6+1,5)
10. Винус Уильямс (АҚШ) - 5,9 (0,9+ 5)
10. Гарбинье Мугуруса (Испания) - 5,9 (2,4+3,5).