Еліміздің сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2013 жылдан бастап мен Қазақстанға келіп жүрмін. Осы уақытқа дейін Қазақстан орасан зор жетістікке қол жеткізді. Мен бұл прогрестің куәсі болдым. Екі ел арасындағы диалог көп жыл бұрын басталды. Бүгін стратегиялық қарым-қатынас туралы келісімге қол қойдық. Аталған құжат бүкіл саланы қамтиды. Біздің қарым-қатынасымыздың арқасында Қазақстанда көптеген білім мекемелері ашылды. Қазақстандық студенттерге арналған Chevening стипендиясының қаржыландыруды екі есеге арттыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ біз экономикалық бағытта да айтарлық жетістікке қол жеткізіп жатырмыз. Ұлыбритания Қазақстанға инвестиция құйған ең алғашқы елдердің бірі. Сіздердің экономикаларыңызға үлес қосқан басты инвесторлардың біріміз, - деді Дэвид Кэмерон.
Кэмерон екі ел аса маңызды шикізаттар туралы келісімге қол қойғанын атап өтті.
Біз Ұлыбританиядағы кәсіпорындарды Қазақстанға өз салаларында жұмыс істеуге шақыратын боламыз. Барлық бюрократиялық кедергілерді, шекарадағы тексерулердің алдын алып, бірі-бірімізбен экономика, білім саласы, энергетика саласы және климаттық өзгеруі сынды бағыттарда қарқынды қарым-қатынасымызды жалғастыруымыз керек, - деді Ұлыбританияның сыртқы министрі.
Сонымен қатар Дэвид Кэмерон Қазақстан мен Ұлыбритания арасында бірігіп іске асыратын бірегей жобаларын бар екенін айтады.
Еске сала кетсек, Ұлыбритания министірінің сапары Қазақстанда 24-25 сәуір аралығында жоспарланған.