Эмоцияға түспейік. Депутат пен вице-министр Мәжілісте сөзге келіп қалды

19 Қыркүйек 2023, 18:33
1253
Бөлісу:
Эмоцияға түспейік. Депутат пен вице-министр Мәжілісте сөзге келіп қалды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Мәжілісмен Айдарбек Қожаназаров  Аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың сауалы шаруаларға берілетін тұқым сорттарына қатысты болды.

Уәде етілген тұқымдар туралы. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясынан» тұқым береміз деп жатыр. Бірақ олар жүздеген фермерден келіп, араласып кеткен тұқымдар. Оны қай бетімізбен шаруаларға ұсынамыз? Оның өзінің фазалары, сорттары бар. Оның бәрі араласып кеткен, - деді Айдарбек Қожаназаров.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек депутат көтерген мәселеге қатысты пікірін айтты.

Айдарбек Асанұлы, кішігірім лекцияңызға рахмет. Тұқым мәселесі бойынша. Біз қазіргі таңда 1 млн тонна астық бар екенін айттық. «Қазақстан аграрлық сараптамасы» сараптама жүргізеді. Тұқымға жараған жағдайда шаруаларға тауарлық несие ретінде беріледі. Елдің барлығы сіз сияқты үлкен шаруа қожалығы емес. Бірінші репродукция егетін, екінші, үшінші, төртінші репродукцияға дейін егетіндер бар. Сол себепті ол жағдайларды да қарастырып отырмыз, - деді вице-министр.

Сөзінше, тұқым дұрыс болған жағдайда ғана қосымша беріледі.

Мәжілісі Айдарбек Қожаназаров пен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек сөзге келіп, эмоцияға беріліп кетті.

Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев екі әріптесіне эмоцияға берілмеуін сұрап, бәрі бір кемеде екенін ескертті.

Құрметті әріптестер, эмоцияға түспейік. Біз мұнда ұрысу үшін келген жоқпыз ғой. Мәселелердің шешу жолын талқылайық. Бір кемедеміз, - деді комитет төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы