Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қасиетті Рамазан айымен құттықтады, деп хабарлады Sputnik Тәжікстан.
Үндеуде ол азаматтарды адал еңбек етуге, үнемшілдікке, азық-түлікті екі жылға алдын ала жинақтауға шақырды. Рахмон осы жылды өткен ғасырдағы «ең қиын» жыл деп атады және ел егемендігін қорғауға дайын болу керектігін ел азаматтарына еске салды.
Адамзат бүгінде өзінің ғасырдан астам тарихының ең нәзік және қиын кезеңінде тұр. Сарапшылардың пікірінше, дағдарыстың бұл өте сезімтал кезеңінің салдарын болжау мүмкін. Биыл адамзатқа ең алдымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қиын болады, - деді Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.
Тәжікстан президенті көктемнің әрбір күнін қадірлеп, егінді уақытында егіп, «әр отбасында екі жылдық азық-түлік мәселесін шешу қажет» деп баса айтты.
Ел тұрғындары,әсіресе, алдағы күз-қыс мезгілінде азық-түлік тапшылығына немесе оның бағасы қымбаттамауы үшін бүгіннің өзінде барлық шараларды қабылдау қажет, - деді ол.