Емханада ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді – Атырау облысы

28 Наурыз 2025, 01:36
1921
Бөлісу:
Емханада ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді – Атырау облысы
Фото: архив

Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында айуандықпен кісі өлтіру оқиғасы орын алды. Емхана ғимаратында ер адам бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жасады. Әйел осы емханада заңгер болып жұмыс істейтін, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау ONLINE Telegram арнасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаған Шоқпартоғай ауылының тұрғыны. Қылмыс жасап, қашып кетпек болған, бірақ оны Жылыой ПБ қызметкерлері жедел іздестіру үстінде ұстаған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары қылмыстың себептерін, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Аймақтағы әлеуметтік желілерде хабарланғандай, қайғылы оқиға 27 наурызда түстен кейін дәл кеңседе әйел жалғыз қалған жерде болған. Кенеттен оның бұрынғы күйеуі кіріп келіп, оған пышақпен шабуыл жасаған.

Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер мен полицейлер әйелді аман алып қала алмаған – ол алған жарақатынан қайтыс болған.

Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Оқиға бойынша Жылыой ауданы, Құлсары қаласында адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу амалдары басталды. 33 жастағы күдікті оқиға орнында ұсталып, қамауға алынды, – деп хабарлады полиция департаменті.

Өзгелердің жаңалығы