Елорданың оң жағалауында оңды істер атқарылады – Жеңіс Қасымбек

12 Шілде 2023, 23:09
609
Бөлісу:
Елорданың оң жағалауында оңды істер атқарылады – Жеңіс Қасымбек
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында елорданың оң жағалауы қалай көркейетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шаһар басшысы қаланың оң жағалауында 130-ға жуық аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырылатынын мәлім етті.

Елорданың оң жағалауында оңды істер атқарылады – Жеңіс Қасымбек
Елорданың оң жағалауында оңды істер атқарылады – Жеңіс Қасымбек

Елорданың оң жағалауын көркейту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Биыл қаланың оң жағалауының өзінде 130-ға жуық аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз. Олар: Сарыарқа, Байқоңыр және Алматы аудандары. Ал 50-ге жуық орында жұмыс аяқталды.
Мәселен Ақбұлақ өзенінің жағалауы (Амман көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) абаттандырылды. Ал көпірлердің астында Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақ кластерін жалғайтын жаяу жүргіншілер өткелдері ашылды. Сәтбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының (Мұңайтпасов көшесінен Петров көшесіне дейін) бірінші бөлігін аштық.

Есіл өзенінің жағасында Бейсеков көшесінен Көктал елді мекеніне қарай қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Жоба екі кезекке бөлінген. Бірінші кезекті шілде айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Амфитеатр, спорт алаңдары, серуендеу орындары, ойын алаңқайлары және т.б. жабдықталады.

Сонымен қатар орталық жағалаудың тарихи көшелерін көркейтеміз. Олар: Желтоқсан, Бейбітшілік, Бұқарбай батыр, Ә.Мәмбетов көшелері. Бұл жұмыс жаңа қоғамдық кеңістіктерді осыған дейін құрылған кеңістіктермен жалғауға мүмкіндік береді: демалыс күндері «Demalys Promenade» жаяу жүргіншілер көшесі, «Театральный» бульвары, қалалық алаң және т.б. Осылайша қоғамдық кеңістіктердің тұтас кластері құрылады.

Сол сияқты Ақан сері – Фахд бен Абдул Азиз (Агроқалашық елді мекені), Кенесары – Бейсекбаев, Кенесары – Егемен Қазақстан, Қордай – Н.Ахметбеков көшелерінің қиылысында, Абылай хан даңғылынан Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі жағалауда, К.Әзірбаев көшесі, 10, Храпатый көшесі және т.б. орындардағы қоғамдық кеңістіктер абаттандырылды.

Бұдан бөлек Бөгенбай батыр даңғылында Ш.Айманов көшесінен Ш.Уәлихановқа дейінгі 10 ауланы қамтитын шаршы алаңды абаттандыру белсенді жүріп жатыр. Сондай-ақ Құдайбердіұлы даңғылы, 5, 31, 36/3; Қошқарбаев даңғылы, 26, 39; Күйші Дина көшесі, 46/1, 46/3; Мүсірепов көшесі, 9 және т.б. бойынша жұмыс жүргізілуде, - деп жазды қала әкімі.

Елорданың оң жағалауында оңды істер атқарылады – Жеңіс Қасымбек

Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек Алматы ауданында барлығы 66 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады, Байқоңыр ауданында – 32, Сарыарқа ауданында – 30. Абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінетіндігін жазды.

Өзгелердің жаңалығы