Елорданың қандай медициналық ұйымдары Pfizer вакцинасын салуды бастады?

15 Қараша 2021, 09:01
708
Бөлісу:
Елорданың қандай медициналық ұйымдары Pfizer вакцинасын салуды бастады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ .15 қарашадан бастап елордада Pfizer-мен вакциналау басталды. Тиісті контингентке екпе қаланың медициналық ұйымдарында және жасөспірімдерге білім беру мекемелерінде салынады. 

Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, қаланың барлық медұйымдары жүкті әйелдерді, бала емізетін аналарды, лактация кезеңіндегі әйелдер мен балаларды вакциналау науқанына қатыспайды.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы Pfizer вакцинасы салынатын медициналық ұйымдар тізімін ұсынып отыр:

- Қалалық №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 емханасы;

- «Достық» отбасылық денсаулық орталығы;

- «Жанұя», «Салауатты Астана», «Шипагер», «Кировская» ЖШС (барлық филиалдары).


Өзгелердің жаңалығы