Елорданың бас санитар дәрігері: Әр мерекеден соң эпиджағдай нашарлайды

24 Ақпан 2022, 14:23
1584
Бөлісу:
Елорданың бас санитар дәрігері: Әр мерекеден соң эпиджағдай нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, әр мерекеден кейін эпиджағдай нашарлайды. 

Тәжірибемізден көргендей, әр мерекеден кейін эпидемиологиялық жағдай әлеуметтік байланыстардың өсуіне, карантиндік шаралардың сақталмауына байланысты нашарлайды. Сондықтан сіздерді мереке күндері қарсаңында қарапайым қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауға шақырамын. Наурыз айындағы мейрамдар эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне алып келмеуі тиіс. Ал бұл біздің сіздермен алдын алу шараларын сақтаудағы жауапкершілігімізге тікелей байланысты, - деп атап өтті елорданың бас санитар дәрігері. 

Сонымен қатар ол әлі де екпе алмай жүрген жандарды дұрыс таңдау жасауға шақырды. 

Вакцинация алмай, әлі де ойланып жүрген адамдарға айтарым, өзіңіздің және өзгенің денсаулығы сіздің таңдауыңызға байланысты болады. Дұрыс таңдау жасаңыз, - деді Сархат Бейсенова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ведомство өкілі  елордада омикрон мен дельта штамы басылмай тұрғаны туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы