Елорданың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң динамиканы көрсетеді – Көлгінов

18 Желтоқсан 2019, 12:54
3218
Бөлісу:
Елорданың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң динамиканы көрсетеді – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорданың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады. 

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 4,2%-ға өсіп, 2,7 трлн теңгені құрады, орташа жан басына шаққанда – 2,5 млн теңге. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 11 айда 11,7%-ға артып, 658 млрд теңгені құрады. Сауда саласы жақсы дамуда, тауар көлемі 1 147 млрд теңгеге дейін 4,6%-ға ұлғайды, - деді Көлгінов. 

Қала әкімі бизнесті жүргізудегі қаланың тартымдылығы артып келе жатқанын айтты. 

Шағын және орта бизнес субъектілері өндірген өнім көлемі 3,3%-ға артып, 2,4 трлн теңгені құрады. 21,4 мың жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды, оның ішінде шағын және орта бизнес саласында – 19,8 мың жұмыс орны. Сонымен қатар, тұрғын үйді қолданысқа беру, құрылыс жұмыстарының көлемі, негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша төмен көрсеткіш байқалады, - деді ол.

Оның сөзінше, бірінші жарты жылдықпен салыстырғанда оң өзгерістер байқалады. 11 айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі жартыжылдықта – 18%-ға, тартылған инвестиция көлемі 10%-ға артты, тұрғын үйді қолданысқа беру 6 айдағы деңгейде қалды. Көлгінов қала халқының өсу қарқыны алаңдататынын, бүгінде тұрғындар саны 1,2 млн адамға жеткенін айта кетті.

Өзгелердің жаңалығы