Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көктем келісімен елордадағы коммуналдық қызметкерлер тазалық жұмыстарын белсенді жүргізуде.
Қызметкерлер қала көшелері мен жолдарын, тұрғын үй орамдарын тазалайды. Жұмысқа 1 мыңнан астам қызметкерлер тартылады. Карантин аяқталғаннан кейін жалпықалалық сенбіліктер басталады. Қаланың барлық аудандарында көшелерді, көпірлерді, қоршауларды,жол белгілерін және т.б. тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Коммуналдық қызметкерлер кеуіп қалған бұтақтарды кесу жұмыстарына,гүлзарлар мен шағын сәулет нысандарын, балалар алаңдарын абаттандыруға ерекше көңіл бөледі. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасына сәйкес карантин кезінде жұмыс атқарып жатқан коммуналдық қызметкерлерге сыйақы беріледі. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап қызметкерлердің жалақысы өсті, – деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты.