Елорданың екі көшесінде бір жақты қозғалыс енгізіледі

12 Ақпан 2020, 07:46
1911
Бөлісу:
Елорданың екі көшесінде бір жақты қозғалыс енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 ақпаннан бастап қаладағы көлік құралдарының қозғалысын оңтайландыру мақсатында Рамазан және Әубәкір Ысмайылов көшелеріне бір жақты қозғалысты енгізу жоспарланған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорда әкімдігіне тұрғындар тарапынан аталмыш көшелердегі қиын қозғалыс туралы көптеген өтініштер келіп түсті. Нәтижесінде Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасымен бірге жолдың техникалық жағдайына шолу жасап, бір бағытты қозғалыс енгізу туралы шешімді қабылдады.

Көлік қозғалысын сағат тілімен ұйымдастыру жоспарланған. Атап айтқанда, бір жақты қозғалыс Рамазан көшесінің бойымен шығыс бағытта және Әубәкір Ысмайылов көшесімен батыс бағытқа қарай ұйымдастырылады.

Енгізілетін өзгерістерге байланысты құзыретті органдар жүргізушілерден жол ережесін сақтап, сапарды алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы