Елорданың барлық мектебінде "Адалдық сағаты" өтті 

7 Қараша 2019, 16:29
2992
Бөлісу:
Елорданың барлық мектебінде "Адалдық сағаты" өтті  

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның барлық өңірінде ҚР cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен "Адалдық сағаты" республикалық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара 86 елордалық мектепте өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. 

Республикалық акция елордалық мектептерде Жастар жылы аясында өтті. Іс-шараның мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. 

Сыбайлас жемқорлықтың елімізге қаншалық зиянын тигізіп отырғанын оқушыларға "Nur Otan" партиясының өкілдері, арнайы мониторингтік топтардың, республикалық жастар және коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығы мен қызметкерлері, "Адал алаңы" жобалық кеңселерінің мамандары мен көрнекті қоғам қайраткерлері кеңінен баяндап берді, - делінген жарияланған ақпаратта.
Оқушылар алдында сөз сөйлеген олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтудің түпкі негізі парасаттылық идеологиясында жатқанын ерекше атап өтті.  Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының 86 мектебіне барып шықты. Осы акция аясында республика бойынша 6-8 сыныптардың 1,5 млн оқушысына сыбайлас жемқорлық туралы дәріс өткізілді.


Өзгелердің жаңалығы