Елорданы «ақылдандыру» қалай жүзеге асырылуда?

8 Қазан 2020, 12:18
1508
Бөлісу:
Елорданы «ақылдандыру» қалай жүзеге асырылуда?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек елорданы цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Биылғы наурызда елорда әкімдігінде цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға жауап беретін басқарма құрылды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 6 негізгі бағыт бойынша жобаларды жүзеге асырып жатырмыз, - деді ол. 
Қасабектің айтуынша, цифрландыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. 
Цифрландыру басқармасы құрылған кезде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі 160 қызмет көрсетіп отыр. Басқарма талдау жүргізіп, қағаз түрінде жүргізілетін 27 және электронды түрде ұсынылуы тиіс, бірақ  қағаз түрінде ұсынылатын 19 қызмет анықталды. Қазір біз оны электронды форматқа ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметті 100 пайызға жүзеге асыру бойынша мақсат қойдық. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге, қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және азаматтардың уақыты мен еңбек шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы