Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала билігі лифтілерге қызмет көрсетуде аттестатталған ұйымдармен ғана шартқа отыруды ұсынады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Оқи отырыңыз:
«Өткен аптада ҚР ИИМО Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен кездесуі өткізілді, онда тараптар біздің ұсыныстарды қабылдады. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Азаматтық қорғау туралы заңға өзгертулер енгізеді, онда лифт ұйымдарын аттестациялау және Ұлттық стандарттарды енгізу міндетті шара болады. Ұлттық стандарт лифт жабдықтарын орнату және пайдалану, лифт ұйымдарына қызмет көрсету бойынша талаптарды қамтиды», - деді Арман Тұрлыбек.
Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізу тәртібі әзірленді. Осыған сәйкес компаниялардың өз қаражатына 108 лифтіге күрделі жөндеу, ал 357 лифтіге жеңіл жөндеу жүргізілді, оның ішінде жүйелі түрде шағымдар түсетін бес үй де бар. Бақыт Сұлтанов аудан әкімдеріне тұрғын үй ғимараттарындағы проблемалы лифттердің жұмысын үнемі қадағалауды және «ІКөмек» қызметінің өтініші бойынша мәселесі бар лифтілердің мониторингін жүргізу мәселелерін қадағалауды тапсырды. Айта кетейік, жыл басынан елордада лифт қызметіне қатысты түсетін шағымдардың саны 40% -ға азайды.