Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада "қолжетімді спорт" жобасы аясында тұрғындар үшін спорттың бес түрінен жаттығулар тегін өткізіледі.
Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
"Қолжетімді спорт" жобасы бойынша елорда тұрғындары фитнес/йогамен, скандинавиялық жүріспен, үстел теннисімен және каратэмен айналыса алады. Жаттығудың бәрі астаналықтар үшін тегін өткізіледі.
Айта кетейік, спорт жаттығулары аптасына 2 рет қала саябақтарында өткізіледі. Бұл ретте қатысушылармен білікті жаттықтырушылар айналысады. Фитнес, жүгіру, каратэ және скандинавиялық серуендеу жаттығуларына тіркелудің қажеті жоқ, белгіленген уақытта кесте бойынша келе аласыз.