Елордалық жүргізушіге 2,5 млн-ға жуық айыппұл салынды

29 Шілде 2022, 15:25
5727
Бөлісу:
Елордалық жүргізушіге  2,5 млн-ға жуық айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Volvo» жүргізушісі екі айдың ішінде 100-ге жуық жол ережесін бұзған.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

 Елордада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара басталғаннан бері 3 231 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, оның ішінде мас күйінде 33 жүргізуші, көлік құралын басқару құқығы жоқ 60 жүргізуші және автокөлікті басқару құқығынан айырылған 6 жүргізуші анықталды. 

Көлік тәртібін арттыруда жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін автоматты жүйелер маңызды рөл атқарады. Ағымдағы жылда елордада ІІМ-нің «Қорғау» мобильді қосымшасы іске қосылды. Онда «Сергек» жүйесі камераларының, Жедел басқару орталықтарының және ІІМ мобильді қосымшаларының мүмкіндіктері біріктірілген. 

Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері «Қорғау» қосымшасын қолдану арқылы 286 жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық бойынша берешектері туралы хабарланды. Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық тұрағына 129 автокөлік орналастырылды.   

Сондай-ақ «Сергек» камералары коммуналдық тұраққа қойылған «Volvo S40» маркалы автокөлікті тіркеген. Автокөлік жүргізушісіне 2 млн. 344 мың теңгеден астам сомаға хабарлама жіберілген. Оған 99 төленбеген айыппұл есептелгені анықталды, оның 94-і жылдамдық режимін асырғаны үшін салынған айыппұл. 

Сонымен қатар полицейлер жүргізушісі бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған «Ваз 21150» маркалы автокөлігін тоқтатты. Оның 2017 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот тәртібімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБК 612-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы