Елордалық Ұлттық ұлан қатары 800 сарбазбен толықты

15 Қаңтар 2022, 19:40
1834
Бөлісу:
Елордалық Ұлттық ұлан қатары 800 сарбазбен толықты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін бас шаһардың тыныштығын күзететін сарбаздар қатарына жас жауынгерлер қосылды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде еліміздің барлық облысынан шақырылған өрендер салтанатты жағдайда әскери ант қабылдады.

Елорда іргесіндегі әскери қалашық аумағында жас Отан қорғаушылар елі мен халқына адал қызмет етуге салтанатты жағдайда серт берді. 
Мемлекет басшысы Мәжілісте өткен жиында соңғы оқиғаларға байланысты Қарулы күштерді нығайтуды, Ұлттық ұланның саны мен сапасын арттыруды жүктеді. Президент төтенше және кризистік жағдайларға, лаңкестік әрекеттерге төтеп беретін мобильді күштік құрылымдар – ішкі тыныштықтың, қоғамдық тұрақтылықтың, жалпы мемлекеттік тұтастықтың сақталуында үлкен маңызға ие екенін атап өтті.

Елордалық Ұлттық ұлан қатары 800 сарбазбен толықты

Жас жауынгерлерді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Әлібек Серәлиев және тәжік-ауған оқиғасының ардагері запастағы аға лейтенант Қайратбек Сәтпаев ант қабылдау рәсімімен құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Құрметті жауынгерлер! Ұлттық ұлан қатарына қосылып, толыққанды Отан қорғаушы атануларыңызбен құттықтаймын! Елге, халқымызға, әскери борыштарыңа адал болуға серт бердіңдер. Қаруластарың сендерді ыстық ықыласпен қарсы алады. Дәл қазір олар жауынгерлік бекеттерде тұр, қызмет нүктелерінде, ел тыныштығының күзетінде жүр. Қаңтардың қиын шақтарында әскеріміздің бірде бір сарбазы кері шегінген жоқ. Қауіп алдында тайсалмады, қылмыскерлерден қаймықпады. Сапты тастап кетпеді. Анттарына адал болды. Міндеттерін абыроймен атқарды, ержүректілік танытты. Шыншылдығын көрсетті. Солардан үлгі алыңыздар. Ұлттық ұлан алдында тұрған ортақ міндетті бір жұдырық боп атқаруға жауапкершілікпен жұмыласыздар деп сенім білдіремін. Ешкімнің, ешбір теріс ниетті топтың халықтық бірлігімізге, тұтастығымызға нұқсан келтіруіне жол бермеуге тиіспіз. Бәріңізге зор денсаулық тілеймін, ата-аналарыңыз аман болсын, - деді Ұлттық ұлан бас тәрбиешісі Әлібек Болатұлы.  

Ант қабылдаған сарбаздар енді қала көшелеріндегі тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметіне кірісетін болады. Өткен жылдың соңында елордалық жедел құрама табалдырығын аттаған олар арнайы дайындықтан өтіп, әскери істің қыр-сырын меңгеруда. Елорда тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын күзетумен қатар, бас қаламызда өтетін барлық мәдени-көпшілік, саяси-қоғамдық, спорттық шаралар мен ресми басқосулар кезінде де қауіпсіздікті қамтамасыз ету – осы ұландардың еншісінде. Олар сондай-ақ шетелдік делегацияларды қарсы алуға, табиғи апаттар мен төтенше жағдайларда халыққа көмек көрсетуге, дағдарысты кикілжіңдер кезінде елді тыныштандыруға жұмылдырылады.

Елордалық Ұлттық ұлан қатары 800 сарбазбен толықты

Жас сарбаздарды өз қатарларынан қаруластары қатардағы Мерей Алдамжаров пен Даниил Бах құттықтады.

Құрметті сарбаздар мен офицер мырзалар! Бүгінгі Әскери ант қабылдау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Біз, 2-2021 жыл шақырылымы өзіміздің борышымызды адал өтеуге, әскери антқа берік бюолуға, ел мен жерімізді ақтық деміміз қалғанша қорғауға ант береміз. Осы сәтті пайдалана отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, барлық жақсылықты тіледік. Тек қана алға! – деді жас сарбаз Мерей Айтқазыұлы.  

Елордалық Ұлттық ұлан қатары 800 сарбазбен толықты

Осындай жауапты міндет атқаратын болғандықтан жедел құрамаға жаңадан қосылған жауынгерлер аға буын сарбаздар секілді арнайы жаттығулар мен дайындықтардан, нұсқаулықтардан өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы