Елордалық татамиге Азияның үздік дзюдошылары жиналады
Елордалық татамиге Азияның үздік дзюдошылары жиналады
4-7 тамыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы елордалық жекпе-жек сарайында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
4-7 тамыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы елордалық жекпе-жек сарайында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құрлықтық біріншілікте төрт күн бойы татами шеберлері жеке және аралас-командалық жарыстарда мықтыларды анықтайтын болады.
Турнирге Азияның 19 елінен 200-ге жуық дзюдошы қатысады. Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов осы маусымның қорытындысы бойынша құрам құрды. Құрлықтық біріншілікке қатысушылар қатарына әлем чемпионатының жүлдегерлері Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) және Ерлан Серікжанов (66 кг), Азия чемпионатының үш дүркін жүлдегері Ислам Бозбаев (-100 кг), Гран-при жеңімпазы Мағжан Шамшадин (60 кг) және Grand Slam әлемдік кезеңінің жүлдегері Бауыржан Нарбаев (60 кг) кірді.
Азия чемпионатына қатысушылар арасында олимпиада чемпиондары мен әлем біріншіліктерінің жүлдегерлері де бақ сынайтын болады.
Айта кету керек, IJF ережелері бойынша Азия чемпионатының медаль иегерлеріне олимпиадалық рейтингте ұпайлар қосылады. Атап айтқанда, жеңімпаз 700 ұпай, күміс жүлдегер – 490 және қола жүлде – 350 ұпай алады.
Дзюдодан Азия чемпионаты "Qazsport" отандық спорт арнасында көрсетіледі.