Елордалық құтқарушылар көмекке мұқтаж адамдарды жолдан эвакуациялады

30 Қараша 2022, 17:55
664
Бөлісу:
Елордалық құтқарушылар көмекке мұқтаж адамдарды жолдан эвакуациялады

Бұл туралы Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында таңертең Астана-Көкшетау автожолында жолаушылары бар автобус көмекке мұқтаж екендігі туралы хабарлама келіп түсіп,  Астана қаласы ТЖД бөлімшелері көмекке шықты. Дизель отынының қатуы нәтижесінде 32 жолаушысы бар автобус жолда тоқтап қалды.  

Құтқарушылар дереу Ақмола облысына аттанды, онда Астанадан 10 км жерде Тәжікстан азаматтарынан тұратын адамдарды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге және эвакуациялауға кірісті. Құтқарушылар азаматтарды эвакуациялау бойынша құтқару жұмыстарын сәтті өткізді. Құтқарылғандардың арасында зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы